Биыл Батыс Қазақстан облысында үкіметтің қолдауымен 74 миллиард теңгеге 570 шақырым жолдар жөнделмек
Батыс Қазақстан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырым болады. Оның ішінде республикалық маңызға ие жолдар 1414 шақырым болса, жергілікті маңызы бар жолдар 4762 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы Үкіметтің қолдауының арқасында 74 миллиард теңгеге 570 шақырым жолдарды жөндеу көзделуде (соның ішінде жергілікті желілер – 332 км, 26,6 млрд теңге), бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық.
“Атап айтар болсақ, ұзындығы 245 шақырымды құрайтын "Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы" (145 км), және "Өнеге – Бисен – Сайқын" (100 км), автожолдарының жөндеу жұмыстары күрделі болып отыр. Қазіргі таңда 245 шақырым жолдың 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. "ҚазАвтоЖол" республикалық мекемесінің ресми мәліметіне сәйкес, қалған 120 шақырым жолдың төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар ағымдағы жылы аяқталатын болады”, – делінген мәліметте.
Сонымен қатар 144 шақырымды құрайтын "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" автожолының 2 учаскесінде жұмыстар жүргізіліп жатырса, қалған 2 учаскеде жыл соңына дейін мердігерлер анықталып, жұмыстар басталатын болады.
“Жергілікті жолдарға тоқталар болсақ, осы жылы 27 млрд теңгеге 332 шақырым облыстық және аудандық жолдарды жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткізу мүмкіндігі бар”, – дейді әкімдіктен.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыс орталығы – Орал қаласының 61 көшесі (72 шақырым) жөнделетін болады. Қазіргі таңда 4 көшенің жолы аяқталды, қалған көшелердің жөндеу жұмыстары жалғасуда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?