Қазақстанда биыл алғашқы қоңырау жексенбі күні өте ме – Министр жауап берді
Білім күні – 1 қыркүйекке орай өтетін алғашқы қоңырау жексенбі күні өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Мұны оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
"1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, 2023-2024 оқу жылының соңында оқу-ағарту министрлігі су тасқынына байланысты мектептерде соңғы қоңырау өтпейтінін хабарлаған еді. Бұған ата-аналар наразы болып, кейін министрлік қайтадан соңғы қоңырауды өткізуге рұқсат берді.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"