Биіктікке шығу үрейін жеңу үшін шыққан: Елордада екі мас азамат көпірдің үстіне шығып кетті (видео)
Нұр-Сұлтанда мас ер азаматтар аспалы көпірдің үстіне шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елордалық ПД мәлім етті.
"Видеобақылау камераларын тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жедел басқарма орталығының инспекторы Қабанбай батыр даңғылындағы автокөлік көпіріндегі аркаға шығып кеткен екі адамды байқап қалған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті ұстады. Ұсталған кезде олар мас болған. Ұсталған жігіттердің айтуынша, олар биіктікке шығу үрейін жеңу үшін көпірге шығып алған", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда елордалық тұрғындар 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”