Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова: Мен латын әліпбиінде білім алғандардың бірімін

Қазақ халқының бұлбұл дауысты әншісі Бибігүл Төлегенова латын әліпбиіне көшуге байланысты пікірін білдірді. Әнші кезінде өзінің де латын әліпбиінде білім алғанын алға тартып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Фото00303

«Рухани жаңыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне қатысты өткен қазақ зиялыларының жиынында Бибігүл Төлегенова да сөз сөйледі.

«Мен 1940 жылдары латын әліпбиімен білім алғандардың бірімін. Міне, сондықтан мен Елбасының бұл ұсынысының артықшылығын білемін. Мен латын әліпбиіне көшкенді дұрыс деп есептеймін. Өйткені, тарихи жәдігерлерімізді, өнер туындыларының түпнұсқасын сақтап қана қоймай, тарихи тамырымызды жоғалтпауымыз керек», – деді Бибігүл Ахметқызы.

Атап өтейік, жуырда Қазақстан парламентінің қарауына қазақ тілінің латын графикасындағы әліпби жобасы ұсынылған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

“Алматы аруы-2017” атағын жеңіп алған сұлу жайлы не білеміз (фото)

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның жабылуында Елбасымен бірге сахнаға шықты (фото, видео)

Жандарбек Бұлғақов Халықаралық айтыста бас жүлдені еншіледі

“Жігіттерлік” Айдар асабалыққа бет бұрды (видео)

 

Талқылау