Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов Халықаралық айтыста бас жүлдені еншіледі

Қыркүйек айының 13 жұлдызында өткен Халықаралық айтыста Жандарбек Бұлғақов бас жүлдені еншілеп, темір тұлпар мінді. Аталған айтыс Астана қаласында өткен екен.

21480610_435602670170581_6658787871173902336_n

Сурет: Айнұр Тұрсынбаеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып Айнұр Тұрсынбаева бөлісті. “Ал ағайын сүйінші! Халықаралық айтысты аяқтап тұрмыз. Біздің жүлдеміз маңызды емес, Жандарбек Бұлғақовты автокөлікпен құттықтап қойыңыздар. Нағыз жүйрік өзіне лайық жүлдесін алды”, – дейді айтыскер ақын.

Суреттен айтыскердің өзіне де жұлде бұйырғанын байқауға болады. Тағы да бір айтыскер Сырым Әуезхан 1-орынды еншілеп, 1 000 000 көлемінде сыйақы алған екен.

21688873_1213244298821582_321240193413677056_n

Сурет: Жандарбек Бұлғақовтың жеке парақшасынан

“Бүгінгі “Рух жаңғырығы” атты халықаралық айтыстың бас бəйгесі еншімізге бұйырған екен. Аллаға шүкір! Айтысқа көрермен болып, бізге қолдау білдірген өнер сүйер қауымға алғысымды білдіремін!” – дейді Жандарбек Бұлғақовтың өзі.

Айтыскерді әріптестері ғана емес, халық та жарыса құттықтап жатты. “Құтты болсын, Жандарбек, жеңісіңіз!”, “Жәке, тек қана биік шыңдардан көріне беріңіз”, “Құтты болсын! Игілікке теп тұлпарыңды”, “Тұлпарың сүрінбесін, Жандарбек ақын”, “Құтты болсын! Тұлпарың сүрінсе де, өзің сүрінбе”, “Ең керемет айтыскерсің! Ризамын саған! Құтты болсын!”, “Жерлес жарайсың! Біз өзіңмен мақтанамыз! Еншіңде әлі талай тұлпар болсын!” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов Голливудтағы күндерін сағынышпен еске алды (видео)

Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)

Баян Есентаева инстапарақшасын екі жылдан бері үзбей оқып жүрген ақтөбелік оқушы қызбен кездесті

Аша Матай: Қалталы “көкелердің” өз қыздарымен жасты арулармен көңіл қосуы дұрыс емес

Талқылау