Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Би туралы қызықты деректер

Би – мәдени индустрияның ажырамас бөлшеі. Ол суретшілер, сәнгерлер, мүсіншілер, театр және кино режиссерлері үшін шабыт көзі тәрізді. Әдетте, бимен айналысатын адамдар табандылығымен ерекшеленеді және денсаулықтары жақсы болады. Stan.kz би туралы ең қызықты деректерді жариялайды. 

Би туралы қызықты деректер

Орта ғасырда «би обасы» болған

1518 жылы пайда болған «Би обасы» құштарлығы бір айға созылып, Страсбург, Францияда ондаған адамның өліміне алып келген. Олар организмнің әлсіреуінен және жүрек ұстамасынан көз жұмған. Аталған «оба» кезінде адамдар құлағанша билейтін болған. Сонымен қатар адамдардың көпір үстінде билеген жағдайлары да тіркеліпті. Ақырында көпірге жиналған адамдардың көптігінен ол опырылып түсіп, адамдар өзенге құлаған. 

Майамиде бір уақытта 119 986 адам кубалық конга биін билеген

Би туралы қызықты деректер

Бишілердің ең ұзын тізбегі бойынша әлемдік рекорд 1988 жылы Майамиде орнатылған. Сол кезде бір уақытта 119 986 адам билеген. Конга – кубалық бойды қыздыратын би. Бишілер ұзын қатарға тұрып билейді. 

Биде алдымен бишілер 3 қадам алға басып, артынша кері шегінеді. Мұнан кейін өкшесімен бар күшімен жерді ұрғылайды. Би Кубада жыл сайын өтетін парадтардың арқасында пайда болған. 

Ұлыбританияда ер адам көп билегеннен көз жұмған

Ұлыбританиялық ер адам кеңсе қызметкерлерінің арасында өткен рождестволық кеште көз жұмған. Ол кеңінен танылған PSY Gangnam Style биін билеймін деп организміне артық күш түсіріп алыпты. Тұжырым – бәрінің шегі болуы керек. 

Аты аңызға айналған Тупак Шакур балет билеген

Би туралы қызықты деректер

Тупак Шакур 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы рэп бағытының аңызы ретінде белгілі. Алайда оның балет билегенін көбі біле бермейді. Тупак Гарлемдегі театр компаниясының 127-нші көше ансамблінің мүшесі болған. 

Роттердамда бишілер электр қуатын бөліп шығарады

2008 жылы Швецияның Роттердам қаласындағы Ватт клубында әлемдегі алғашқы «тұрақты» би алаңы ашылды. Клуб еденіндегі тақтайшаларға генераторларға қосылған серіппелер орнатылған. Осылайша, адамдар неғұрлым қатты билесе, серіппе соғұрлым қатты қысылып, нәтижесінде электр қуатын бөліп шығарады. Өз кезегінде ол едендегі жарықдиодты шамдарға түседі. 

«Аяғын сындыр» - бишіге арналған ең жақсы тілек

Би әлемі өзіндік ырымдарға толы. Адамдар шоу алдында «аяғын сындыру» туралы айтып, сахнада керісінше жағдайды күтетіндерін аңғартады. 

Болливудта барлығы билейді

Би туралы қызықты деректер

Индуистік діннің би және әуенмен байланысы өте күшті. Бұл байланысты Болливуд фильмдерінен аңғаруға болады. Онда барлығы дерлік билеп жүреді. 

Капоэйра – африкалық құлдардың жауынгерлік биі

Би туралы қызықты деректер

300-400 жыл бұрын Бразилияға әкелінген африкалық құлдарға жауынгерлік өнермен айналысуға тыйым салынған. Осының нәтижесінде олар би мен жауынгерлік әрекеттердің қосындысын ойлап табады. Бүгінде ол капоэйра ретінде белгілі. 

Брейкданс – көше бандаларының биі

Би туралы қызықты деректер

Брейкданс 1970 жылы Нью-Йорктің Бронкс ауданында жауласып жүрген афроамерикандық көше бандаларының арасындағы «өлім қатерін аз төндіретін» күрес әрекеттері ретінде пайда болған. 1990 жылдары аталған би әлемдік танымалдыққа ие болды.

Танго – барлық уақыт пен халықтың ең сезімтал биі

Тангоның кейінгі замандардағы ең сезімтал би екені шүбәсіз. Аталған би 1890 жылы Аргентинада пайда болған. Алайда Еуропада аз уақыт ішінде кеңінен танылды.


Тағы оқыңыз: Театр туралы қызықты деректер

Талқылау