Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжіңдегі су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты

Бейжіңдегі су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты
Фото: Getty Images

Бейжіңде нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті Beijing Daily басылымының хабарлауынша, су тасқынынан Қытайдың солтүстік және шығыс аймақтары зардап шеккен.

Тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіруге тура келді. Тек Қытай астанасының өзінде 80 000-нан астам адам эвакуацияланған. 

Ең көп зардап шеккен Бейжіңнің шетінде орналасқан Миюнь қаласы. Мұнда осы аттас су қоймасы орналасқан. Су қоймасындағы су деңгейі 1959 жылы салынғаннан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, астананың солтүстігінде орналасқан Хуайжоу ауданы мен оңтүстік-батыстағы Фаншань ауданы да қатты зардап шекті.

Бейжіңді қоршап тұрған Хэбэй провинциясында, Чэндэ қаласына жақын ауылда көшкін салдарынан сегіз адам қаза тауып, төртеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Beijing Daily мәліметінше, ондаған жолдар жабылып, 130-дан астам ауыл электр жарығынсыз қалды.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбі күні кешке билікті жағдайдың ушығуының ең нашар сценарийлеріне дайын болуға және су тасқыны қаупі жоғары аудандардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға шақырды. 

"Із-түссіз кеткендерді табу және құтқару үшін бар күш-жігер жұмсалу керек", – деді ол.

Үкімет табиғи апаттан ең көп зардап шеккен елдің тоғыз өңірінде апат салдарын жою үшін шамамен 49 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді. 

Бұл өңірлерге Бейжіңнің солтүстігі, Тяньцзинь, Хэбэй, Шаньси, Шэньси, Ішкі Моңғолия, солтүстік-шығыстағы Цзилинь, шығыстағы Шаньдун және оңтүстіктегі Гуандун кіреді. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 19:07
Талқылау
`