"Бейсанаға белгі беру бұрыннан бар": Сәкен Майғазиевтің әйелі желіде тегін психологиялық тренинг өткізді
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара әлеуметтік желі арқылы психологиялық тренинг өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Өнер иесі әйелінің психология туралы айтып отырған видеосын жариялап еді, желі қолданушылары тарапынан қолдау тапты.
“Көз – қорқақ, қол – батыр, ми – жалқау. Ал көз – мидың бір бөлігі. Қазақтар білген соны. Қазір соны психологтар айтып жүр. Бірақ қазақтар оны баяғыда айтып қойған, расшифровкасын білмейміз тек. Әр нәрсені қаламмен жазу керек. Сонда бейсанамызға белгі береміз. Бейсанаға белгі беру бұрыннан бар. Қолмен іс-қимыл жасау керек" – деді Динара Майғазиева.
Желі қолданушылары түрлі пікір айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
“Өте дұрыс айтып отыр”, “Осындай тегін кеңестерді ақшаға сатып жатқандар бар”, “47 жаста деп кім айтады, өте әдемі келіншек екен”, “Сәкен ағамыз жар таңдаудан қателеспеген”, “Жақсы сөз – жарым ырыс дегенді қазақтар бұрын айтқан, қазір соны психологтар аффирмация деп жүр”, “Өте дана әйел екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Сәкен Майғазиев су жаңа үйін көрсетіп, қоныс той жасаған еді.