Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсеге ұқсайтын америкалық қызды жанкүйерлері жүргізбей қойды

Бейонсеге ұқсайтын америкалық қыз Бриттани Уильямсті (Brittany Williams) танымал әншінің жанкүйерлері жүргізбей қойды. Бұл туралы The Mirror газеті жазды.

Фото: lenta.ru

Уильямс “әншінің жанкүйерлері көшеде, кештерде тіпті ұшақта ізімнен қалмайды”, деп басылым редакциясына шағымданған. Кейде олар қызға қоқан-лоқы көрсеткенін айтты.

“Бірде бірнеше әйелдер мені және менің досымды көлікке дейін аңдыды. Single Ladies әнін орындады. Көлікке отырғанда олар бізді қоршап алды. Сосын біз қолымызға әйнекті алып суретке түспейтінімізді айтқанға дейін аяқ киім өкшесімен ұра бастады”, – деген басылым тілшісіне.

Уильямс танымал әншіге ұқсайтыны үшін мақтанатынын және Бейонсеге түр-келбеті ғана емес таланттары да ұқсас екенін айтқан.

“Ол ән айтады, билейді, жазады. Менің де дәл сондай қасиеттерім бар. Екеуміз де батыл, ешкімнен қорықпайтын адамдармыз, Біз тек Құдайдан қорқамыз”,- деді ол.

Америкалық қыз армандарымен қоса, алдағы уақытта өзгенің емес нағыз өзінің жанкүйерлері ізін аңдығанын қалайтынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Ахметов пен Ермегияев ұрлаған ақша қалай қайтарылғаны белгілі болды

Президенттің сынынан кейін  шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Бақытты бол: Анасын тұрмысқа шығуымен құттықтаған Айару Бақытбек елді таңғалдырды

Талқылау