Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейіт басында рәсім жасаған: Оңтүстік Кореядағы ірі орман өртіне күдікті анықталды

Оңтүстік Кореяда 56 жастағы ер адам Солтүстік Кёнсан провинциясы Уисон округіндегі отбасылық бейітте ата-бабасының жерлеу рәсімі кезінде өрт қойды деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Yonhap News Agency

Отқа немқұрайлы қарау салдарынан Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы орманды өрт шарпыды. Полиция 30 наурыз күні елдің оңтүстік-шығысында жаппай орман өртін тудырды деген күдікпен ер адамды ұстады.



"56 жастағы ер адам 22 наурыз күні сағат 11:25-те Солтүстік Кёнсан провинциясының Уисон округіндегі бейітте ата-бабаларына табыну рәсімін жасап, өрт тұтандырды деп айыпталып жатыр. Сосын қатты жел мен құрғақ ауа-райы салдарынан өрт жақын маңдағы Андон, Чхонсон, Ёнъян и Ёндокқа тез таралып, Солтүстік Кёнсан провинциясында кемінде 26 адам қаза тапты", – делінген хабарламада. 

Орман өртті салдарынан 4 мыңға жуық ғимарат отқа оранды. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Гоун ғибадатханасы, тұрғын үйлер, зауыттар және басқа нысандар жойылды. Полицияның мәліметінше, күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда орман өртеніп, қатты желдің салдарынан жалын 17 мың гектарға тараған еді. Кейінгі мәліметтер бойынша, 26 адам қаза тапқан. Оның ішінде тікұшақ ұшқышы да бар. 

Талқылау
Пікір
Тараз
30 Нау, 25 жыл - 17:02

Ойбу