Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар мені сыртымнан көріп ғашық болған

Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар Серіковпен қалай танысқан? Алда жұлдызды жұптың қандай жоспарлары бар? Бала тәрбиесінде неге мән беру керек? Әнші Бейбіт ханым осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітті. 

Бұл туралы "Таңғы студио" бағдарламасында айтылды.

Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар Серікпен қалай танысқанын айтты. Айтуынша, алдымен аға-қарындас болып басталған қатынас қыз-жігіттікке ұласқан. 

"Мені Тоқтар алдымен сахнадан көріпті. Сахнадан көріп мені ұнатқан екен. Кейін менімен дереу кездесу ұйымдастырды. Бір жолын тауып кездестік. Содан аға-қарындас болып жүрдік. Ақыл-кеңесін айтып жүрді. Кейіннен қыз-жігіт болып кеттік. Солай отбасын құрдық. Алматы киелі қала ғой. Талайдың бағын жақты. Алматыға келіп, бақытымды таптым. Тұрмысқа шығып, отбасын құрдым. Алматыны жақсы көрем", - деді Сейдуалиева.



Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева бала тәрбиесін аса зор мән береді. 

"Балаға керемет тәрбие беру керек. Ата-ананың тәрбиесі - балаға мың күн азық дейді. Баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Сонда ата-анаға жаман сөз келмейді. Бала біздің өсіріп отырған гүліміз, өсімдігіміз, жемісіміз. Соның жемісін көреміз деп үміттеніп отырмыз", - деді әнші. 

Бейбіт ханым алдағы уақытта жеке кеш, концерт ұйымдастыру жоспарда жоқ екенін алға тартты. Себебі, карантин талаптарына бағына отыра шығармашылық жоспарлары тоқтап тұр. 

"Қашан бізге рұқсат береді? Қашан індет жойылады, сол кезде ән айтармыз. Сахнаға шығармыз. Оған дейін бәрін қоя тұру керек", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр