Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Көшқалиевтың азан шақырған видеосы жұртты тамсандырды (видео)

Әнші желіге азан шақырып тұрған сәті таспаланған видеосын салып, көпшілікті таңдай қақтырды. Тыңдармандары әншінің дінге бет бұрғанын білсе де, мешітте азан шақырғанын алғаш рет көріп отырған-ды.

ртор

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бейбіт Көшқалиев инстаграм парақшасында жамағатты намазға шақырып тұрған сәті таспаланған видеосын бөлісті. Аталған видеоны көрген жұрт таңқалысып, түрлі пікір жазып жатты.

Әншінің топтан кетуіне шетелден діни білім іздеуі себепші болғаны көпке аян. Сұхбаттарында қанағат пен ысырапшылдық сынды тақырыптарды жиі көтереді. Десе де, оның мешітте азан шақыратынын бұрын-соңды тыңдармандары білмеген.

Бірі әншінің бұл әрекетін құптап, ниетінің қабыл болуын тіледі. Екіншілері мұны мақтаншақтыққа балады. «Неге бір қолыңызды ғана көтердіңіз? Азан шақырған кезде екі қолды да көтереді емес пе?», «Алла разы болсын!», «Көзімнен жас шығып кетті», «Алла разы болсын! Рамазан айында үлкен сауап алатын шығарсыз?!», «Осы азанның даусынан әсер алып, кей адам дінге бет бұратын шығар?! Мақтану үшін емес, азаннан әсер алсын деген ниетпен салған шығар?! Қандай керемет. Басқалары тойда ашық-шашық киіммен көңіл көтеріп жүрген сәттерінің киімдерін салады. Олардың қасында сіз әлдеқайда биіксіз. Неге бір қазақ екіншісіне сын айтуға құмар», «Екі қолды қойып азан айту парыз емес. Сіз оның әуеніне назар салсаңызшы, шіркін», «Алла құлшылықтарыңыз бен дұғаларыңызды қабыл етсін», «Сіздің даусыңыз азан айтуға лайық» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Атышулы Ninety one тобы Eaglez-дарды жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне аса қымбат көлікті сыйға тартты (видео)

Арашпен мың бұрала билеген Сиви араб әншісіне қанша ақша төледі?

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен босатылды

Талқылау