Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Көшқалиев: Барлығы Димаш сияқты шыңғыра бермейтін шығар

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Көшқалиев отандық әншілердің неліктен әлем сахнасына шыға алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

66576897897896786

«Бұған көптеген факторлар әсер етеді. «Димаш жолды ашып берді» деп айта алмаймын. Бұл жерде сәттілік те бар. Қазақстанда әншілер көп. Әлемдік сахнаға шығу үшін қомақты ақша қажет. Димаш әлі әлемдік деңгейге шыққан жоқ. Солай ғой? Себебі, ол Қытайды ғана бағындырды. Енді Францияда өнер көрсетіп жүр. «Әлемдік деңгейде» деген (атақ – автор) АҚШ пен Еуропада бар. Бірақ біз Димашты «Қытайды бағындырды»деп айта аламыз. Бұл факт», – деді ол.

Сонымен қатар Бейбіт Көшқалиев бұл мәселенің бірнеше себебі бар екендігін алға тартты.

«Менің жеке пікірім, әншілердің музыкалық білімі жетіспейтін болар. Әлемдік сахнаны бағындыру оңай емес. Екіншіден, шетелде үлкен саясат бар. Оны бағындыру үшін бірігіп жұмыс істеу керек. Мысалы, Түркиядан шыққан танымал әнші Тарканды алайық. (Оның атағын әлемдік деңгейде шығару үшін – автор) барлығы қауым болып жұмыс істеді. Менің естуімше, мемлекеттік бюджет есебінен Тарканға қолдау көрсетілген. Сондықтан осындай деңгейде жұмыс істеу қажет», – деді ол.

Осы орайда Көшқалиев әншілердің шетелді мойындату үшін ағылшын тілін үйрену қажеттігін алға тартты. Оның пікірінше, Димаштың өнері елімізде осыған дейін бағаланбаған.

«Менің ойымша, «шетелге шықтың ба, шықпадың ба» жалпы адам білімді болу керек. Сауатты да болу қажет. Шет тілінде үйрену керек. Ол артық етпейді. Димаш өзі ойлады ма, ертең не болатынын. Оны Қазақстанда ешкім бағалаған жоқ. Дұрыс па? Қытай оның өнерін бағалады. Шын ғой. Қазақтар бағалаған жоқ. Қазақтар ондайды түсінген жоқ. Классикалық дауыста ән шырқауды . Қытай әншіні қалай бағалау қажеттігін көрсетті», – деді қазақ эстрадасының өкілі.

Сондай-ақ, ол әншілердің арасына от салудың қажеті жоқ екендігін алға тартты. Оның пікірінше, отандық әншілер бір үйдің балалары сияқты.

«Олай істеуге болмайды. Мысалы, бір азаматтың 3-4 баласы болады. Ол барлығын бірдей көреді. Барлығына тең дәрежеде тамақ пен киім бергісі келеді. Осы жағдай осыған ұқсас. Оларда (әншілер – автор) қазақтың балалары ғой. «Қайрат мынау, Төреғали мынау, Димаш мынау, Айқын мынандай, мен мынандаймын» деп салыстыруға болмайды. Барлығын бірдей қөру керек. Алла оларды солай жаратты. Барлығы Димаш сияқты шыңғырмайтын шығар. Алла қалай жаратса, солай болады. Қазіргі таңда орынсыз өсектер кетіп жатыр. Ол дұрыс емес. Әнші шықты ма, оны қолдап, бағалау қажет. Әркімнің өз тағдыры бар. Ол шықты деп, басқаларды «боқ» (әншінің лексикасы сақталды – автор) қылып жіберуге болмайды», – дейді деп түйіндеді сөзін Бейбіт Көшқалиев.

Талқылау