Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қорған жарын әлі күнге дейін қатты қызғанатынын айтты

Әнші отбасын құрмай тұрып жарының сабағына қатысып, аудиторияның артында оған қарайлап отыратынын еске алды. Мұның себебін қатты қызғанатындығымен түсіндірді.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақстан темір жолы – өмір жолы” демекші, әнші жарын пойызда жолықтырған. Бастапқыда қасына достары келіп, пойызда әдемі бойжеткен отырғанын айтқан. Әнші барып қарап, оны анасының 18 жасындағы бейнесіне ұқсатқан. Бастапқыда сүйіктісімен орыс тілінде тілдесуге қиналған.

1354180067_schaslivaya-semya-kopirovat

Сурет: altaynews.kz

Бұл туралы “Бенефис-шоу” бағдарламасында “Шынымды айтсам, жарым туралы көп айтқым келмейді, оны қызғанамын. Алматыда оқитынын біліп, екеуіміз жүре бастадық. КИМЭП университетіндегі сабағына кіріп алып, соңынан басқа жігіттер көз салып қоймады ма деп бақылап отыратынмын. Арасында ысқырып қашан қайтасың, күтіп отырмын ғой деп сұрап қоямын” деп жарын осы күнге дейін қызғанатынын жеткізді.

Бастапқыда қазақ тіліне шорқақтау болған жары қазір ана тілін 90%-ға меңгерген. Бұл бағаны әншінің өзі берді. Дәл қазір екеуінің Бексұлтан есімді ұлдары бар.

Талқылау