"Беттері тілінсін бетпақтардың": Меруерт Түсіпбаева атышулы оқиғаға қатысты ойын бөлісті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Алматыда қаза болған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты тың деректі бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесін құрбыларының қолынан қаза тапқан марқұмның өлімі бейжай қалдырмады.
"Қытайдан келген қандас бауырлармен көп араласамын. Олардың, әсіресе қыз балаға берген тәрбиелеріне сүйсініп жүремін. Осы аптада, бір сұмдықтың беті ашылды. Мына фотода тұрған небәрі 21 жастағы ару КИМЭП-те оқыған. Оны 8-9 ай бұрын, Қытайда туып өскен қытай елінің азаматтығы бар (қазақтың қыздары) қинап, қорлап, тонап, ұрып, 7-қабаттан лақтырып жіберген. Обал-ай! Күдікті қыздардың жасы 20-да, біреуі 24-те. Ал Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылып жүр. Өйткені қылмыстық істі суицид деп отыр. Енді менің ойым, бойжеткен қыздарыңыздың қандай құрбысы бар, қандай ортада араласып жүр, соның бәрін қадағалап отыру керек! Бишімбаев Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де құрбылары солай қинаған. Ашық сотты талап етеміз! Халық олардың бет-жүзін көруі керек. Беттері тілінсін бетпақтардың", – деп ашуланды әнші.
-
Ішкі ағзаларының бәрін кескен: Көкшетауда ер адам әйелін жұмыс орнында пышақтап кетті
-
Бір-бірін жақтырмаған: Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастады
Еске салайық, өткен жылы шілде айында Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан 22 жастағы қыз құлап қайтыс болған еді. Марқұм Ақнәр Қамитованың анасының айтуынша, қызы өзі құлаған жоқ. “Қызымды тырнағы мен саусағын жұлып, азаптап өлтірген” деді ол

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз әйгілі "Реал Мадрид" футболы клубына жұмысқа орналасты
