Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бет-аузы көгерген": Маңғыстаулық мұғалімдердің зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан видеосы тарады

зорлықсыз 10 күн акциясыФото: Видеодан скрин

Ақтауда №23 мектеп мұғалімдері зорлық-зомбылыққа қарсы акция аясында беттеріне соққы іздерін бейнелейтін грим жасап, үнсіз бейнеролик түсірді. Күтпеген формат қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

№23 мектептің мұғалімдері бет-әлпетіне соққы іздерін, көгерулер мен жарақаттарды бейнелейтін гриммен жұрт алдына шықты.

Видеодағы шынайы көрініс емес, грим. Бәрі видеоролик үшін жасалған екен. Бұл тұрмыстық және цифрлық зорлыққа қарсы халықаралық акция, "Зорлықсыз 10 күн" жобасының бөлігі. 

Білім басқармасының айтуынша, барлық мектепте осындай акция болды, бірақ №23 мектеп басқаша форматты таңдаған көрінеді.

Дәстүрлі форматтардан бас тартқан педагогтер сөзсіз түсірілген бейнеролик арқылы зорлық-зомбылыққа төзіп жүрген әйелдердің қандай күйге түсуі мүмкін екенін жеткізуді мақсат етті.

Бейнеролик Ақтау қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы филиалының бастамасымен дайындалған.

"Біздің бейнеролик жеке шекара, құрмет және жауапкершілік туралы әңгіме. Біз зорлық-зомбылық тақырыбына формалды емес, шынайы әрі байыпты көзқарас қалыптасуын қаладық", – деді бастама авторлары.

Маңғыстау облысының білім басқармасы бейнеролик форматы алдын ала талқыланып, келісілгенін растады. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видео көп қаралым жинады. Пікірлерге қарағанда, ата-аналар мұғалімдердің бастамасын оң қабылдаған, ал қоғам тарапынан өткір сын айтылмаған.


Күйеубалам қойша бауыздап тастаған – Алматыдағы театрдың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан актрисаның ағасы


Бұрынғы әйелін соққыға жығып, мүгедек қылған ер адам қоныс-колонияға ауыстырылған


Еске салайық, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған. 27 қарашадағы сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді. 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025 13:39