Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бесіктен бастап соғысқа дайындап жатқандай”: Желіде қазақстандықтар "Детский мир" дүкенінде соғыс туралы кітап сатылып жатқанын сынға алды.

Фото: Желі кадрларынан скрин

Желіде Алматыдағы "Детский мир" дүкендер желісінің филиалында ресейлік баспадан шыққан “Соғыс туралы әңгіме” балалар әдебиеті сатылып жатқаны қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы кітаптардың фотосын жариялады.

"Алматыдағы “Детский мир”де сатылады…" деген жазу қалдырып, наразылық білдіретін эмодзи қосты.

Бұл жарияланым қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Пікірлер екіге бөлінді.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл кітаптарда тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Олардың айтуынша, бұл – Ұлы Отан соғысының тарихын түсіндіретін танымдық әдебиет. Ал балаларды мұндай тақырыппен ерте таныстыру соғыстың қасіретін ұғынуға көмектеседі. 

“Мұнда тұрған не бар? Біздің аталарымыз бен бабаларымыз соғысқан. Қандай астар көріп отырсыздар?”, “Несі сұмдық? Бұл – тарих”, “Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарих. Оны мектепте оқымадыңыздар ма?”, – десе енді бірі бұл пікірге қарсы болды.



“Кітапта 2025 жыл деп жазылған, Ресейде қазір соғыс жүріп жатыр. Мүмкін ол жақта бұл тақырып өзекті шығар, бірақ қазақстандық балаларға бұл керек емес”, “Сұмдық! Неге мұндай кітаптар бізде сатылып жатыр? Балаларды улап жатыр. Соғыс пен өтірікті насихаттайтын өнімдерді сатылымнан алып тастаңыздар”, “Әскери тақырыптар жас балаларға қандай құндылық береді? Бұл басылымдардың моральдық мәні қандай? Бізге Ресейдің соғыс насихаты қажет емес –  алып тастаңыздар!”, “Балалардың миын кішкентайынан улап жатыр. Құдды оларды бесіктен бастап соғысқа дайындап жатқандай”, – деп жазды қарсы тарап. 

Belgorodbiblioteka.ru сайтында көрсетілгендей, Елена Ульеваның "Беседы о войне" ("Соғыс туралы әңгімелер") кітабынада – Ұлы Отан соғысының тарихы жазылған.  Кітап форматы ардагер атаның немересімен жүргізетін қызықты әңгімесі түрінде құрылған. Немере соғыс не үшін басталғаны, сол жылдары адамдар қалай өмір сүргені туралы сұрақтар қояды. Атасы бұл сұрақтарға жауап береді.  

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 10:26