Бес жасар қыз өз бетінше АҚШ шекарасын кесіп өтпек болған
АҚШ-тың Техас штатының шекара патрульінің агенттері Гватемаладан келген 5 жасар қызды тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Townhall басылымының хабарлауынша, қыз шекаралық бақылау қызметкерлеріне АҚШ-қа өту үшін қауіпті Рио-Гранде алқабын өз бетінше жүріп өткенін айтты.
Бас патрульдік агент Джейсон Доунс кейінірек Гондурастан тағы бір 5 жасар қыз және одан үлкенірек үш бала табылғанын хабарлады.
"Тағы бір 5 жасар бала табылды және бұл – соңғы екі күндегі екінші жағдай. Бұл жолы Гондурастағы 5 жасар қыз тағы үш баламен бірге табылды, олардың ең үлкені 16 жаста", – деді ол.
Патрульдік агенттің айтуынша, туыстары немесе контрабандашылар балаларды шекарада жиі тастап кетеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”