Басты жаңалықтар
Бес ай бұрын жоғалған екібастұздықтың денесі су каналынан табылды
Екібастұз қаласында 5 айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“2 сәуір сағат 17.20 шамасында “Союз” саяжай қоғамы жанындағы теміржол көпірінің астында, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оқиға орнынан смарт-сағат пен жоғалған адамның атына ашылған Kaspi Gold карточкасы табылды. Мәйітті әкесі таныды”, - делінген мәліметте.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Талқылау

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
The Theater қызды шығарып жіберудің себебі не екенін айтудан бас тартты

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп