Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берлинде қанды қырғын жасаған террорист камера нысанасына ілініп қалған

Берлиндегі терактіні жасады деген күдікті Анис Амри шабуылдан соң бейнебақылау камерасының нысанасына ілігіп қалған.

xw_1349495

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Кадрда Тунис тумасының Берлиннің орталығындағы мешіттен шығып бара жатқаны байқалады. Куәгерлердің айтуынша, оны дәл сол жерден бір апта бұрын да көрген екен. Біраз уақыт бұрын ғана мешітте де тінту жүргізіліп, Германия прокуратурасы оларға күдіктіні кез-келген сәтте тұтқынға алу туралы ордер берген еді.

Қаптаған адамдар тобына келіп соққан жүк көлігінің есігінен тунистік азаматтың саусақ іздері табылған. Сондай-ақ, көлік кабинасынан оның қаны да табылыпты.

Қазіргі таңда күдіктінің қай жерде екені белгісіз. Өткен түні оны Стокгольмдегі Air Berlin ұшағынан іздеген болатын. Сонымен қатар, Германияда террорға қарсы рейдтер әлі жалғасып жатыр. Оның нәтижесінде Дуйсбург қаласынан екі адам ұсталған. Олар сауда орталығында теракті жасамақшы болды деп күдікке ілінген.

Еске сала кетсек, Берлиндегі теракті 19 желтоқсан күні болды. Рөлде Анис Амри отырды делінген жүк көлігі мерекелеп жүрген адамдар тобына келіп соқты. Нәтижесінде 12 адам қаза тауып, 49 адам жараланған. ДАИШ террорлық ұйымы терактіні өз мойындарына алды.

Талқылау