Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берлиндегі трагедия: Жүк көлігі алаңда жүрген адамдар тобын жайпап өтті (видео)

Германия астанасы Берлинде жүк көлігі Кайзер Вильгелм шіркеуіне жақын маңда рождестволық жәрмеңкеде жүрген адамдар тобына келіп соққан.

1484040489

Фото: REUTERS/ Fabrizio Bensch

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Оқиға Берлиндегі Брайтшайдплац алаңында болған. Федералды полицияның мәліметінше оқыс оқиғадан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам адам әртүрлі жарақаттар алған.

Әзірге жүк көлігі жүргізушінің мақсаты не екені анықталмағандықтан, полиция оқиғаға теракті деп баға берген жоқ. Оқиғаны Германия бас прокуратурасы зерттеп жатыр. Белгілісі көлік ішінде екі адам болған. Олардың біреуі қашып кетуге әрекет жасаған Ауғанстан немесе Пәкістан азаматы екен.

Оқи отырыңыз:

Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім

Қытайда терезеден лақтырылған бөтелке үшін үйдің бүкіл тұрғындары айыппұл төледі

АҚШ-та дау туғызған сайлау қайта есептеліп қорытындысы жарияланды

Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді

Талқылау