Берлин - Алматы чартерлік рейсінің жеті жолаушысынан коронавирус расталды
Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсіндегі 12 жолаушының жетеуінен коронавирустық инфекция расталды. Олардың арасында стюардесса да бар. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бастығы Айзат Молдағасимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бұл рейс 13 наурызда келгені хабарланған болатын.
"Бұл борт келгеннен кейін біз дереу жұқпалы аурулар ауруханасына оларды оқшауладық. 12 адамның әрқайсысы, оның ішінде 9 жолаушы және 3 экипаж мүшесі бөлек бокстарда оқшауланған. Бүгінгі таңда 12 адамның жетеуі коронавирустық инфекцияны растады, олардың бірі - бортсерік. Халыққа ешқандай қауіп төнбейді, өйткені олар дер кезінде оқшауланған".
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"