Бердібек Сапарбаев «для галочки» жұмыс істейтін «Жас отанның» жұмысын сынап тастады
Бердібек Сапарбаев жастар тәрбиесі жайлы айта келе «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Дариға Есмағамбетованыңжұмысын сынға алды.
«Нұр Отанда», «Жас отанда» барлығы «для галочки» жасалады. Теледидардан көрсетті, газеттерде жарияланды, сонымен болды. Әрі қарай түк жоқ», — деген Бердібек Машбекұлы жиналғандар арасынан Дариға Есмағамбетованы іздеді, деп хабарлайды «Тілші».
Алайда, басшысының орнына барлық сынды оның орынбасары Нұрхан Ағниязов тыңдады.
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастарды формальдылыққа үйретуге болмайтынын жеткізді.
«Балаларды алдауға үйретіп жатырсыздар. Формализм. Показуха», — деп кейіді облыс басшысы партия өкілі Ағниязовқа қарап.
Әкімнің пайымынша, көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге жастардың көмегі керек.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге «для галочки» көмектестіңдер. Оларға үнемі көмектесу керек. Демалыс күндері құрылыс жасақтары Қурайлыға, Саздыға барып көмектессе қандай жақсы болар еді. Ол жерде көпбалалы отбасылар бар, жарымжан адамдар бар. Бұл бір жағынан тәрбие құралы ретінде жастардың өздеріне де жақсы», — деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс басшысы жастар ұйымдарының жұмыстарына қатысты жоғары және орта оқу орындарының басшыларына да сын айтты.
Тағы да оқыңыз:
Павлодарда қайтыс болған 25 жастағы жігіт үш адамды аман алып қалды
Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)
Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді