Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев Азия чемпионы Нұрислам Санаевқа пәтер сыйлады

Ақтөбеде еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың ашылуына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балуан Нұрислам Санаевқа пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында болып, Наурыз мерекесіне орай спортшыларды құттықтап, ақжарма тілегін айтты. Аталған сарайда еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтуде. Өз кезегінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев көпшілік алдында ел намысын қорғағап жүрген, Бішкек қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатының чемпионы атанған Нұрислам Санаевқа 2 бөлмелі пәтердің кілті мен 1 миллион теңге сыйақы табыстады.

Мұнан кейін Нұрисламның жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмахановқа 300 мың теңге, грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Айнағұловқа 300 мың теңге, оның жаттықтырушысы Рақымжан Бақытжановқа 200 мың теңге сыйлады.

«Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әруақытта спортты, күресті қолдаймыз. Қалада жаңа спорт сарайының салынуын да Елбасы тапсырмасының орындалғаны деп білеміз. Жекпе-жек сарайы күрестің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, елімізде спорт қолдау тапса, спортшылар шыңдалып, Қазақстанның абыройын көтереді»,- дейді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбеде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймағынан 300-ге жуық балуан қатысып жатыр. Қатысушылар арасында еркін күрестен Олимпиада ойындарының чемпионы (Афина 2004ж), бес дүркін әлем чемпионы, үш мәрте Еуропа чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының басшысы және бас жаттықтырушысы Хаджимурат Гацалов бар.

«Спортшылар Олимпиада, әлем чемпиондарының бәрі қарапайым адам екенін ұмытпауы тиіс. Егер өзіңе сеніп, тынбай еңбек етсең, алынбайтын қамал жоқ. Сонымен қатар барлығы бірдей чемпион болуа алмайды. Десе де жаттығу кезінде алған тәлім, дайындық өмірде қажет болатыны анық. Күрес үшін барлық жағдайды жасаған өңір басшылығына алғысымызды айтамыз. Жас балуандарға тегін, ел атын шығаруға мүмкіндік берілген»,- дейді Хаджимурат Гацалов.

Айта кетсек, 23-24 наурыз күндері чемпионаттың финалдық ойындары өткізіледі.

Оқи отырыңыз:

Головкин қарсыласы «Канеломен» қарымта кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Жекпе-жекке дайындалып жатқан «Канело» Головкинді балағаттап жіберді (видео)

Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

Головкин «Канелоны» алғашқы жекпе-жек алдында допинг пайдаланды деп айыптады

Талқылау