Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Белое солнце пустыни” фильміндегі актер Годовиков өмірден озды

Кеңес дәуірінің атақты актері, “Белое солнце пустыни” фильміндегі қызыл әскер Петруханың рөлімен көпшілікке танымал Николай Годовиков Санкт-Петербургте қайтыс болды, -деп жазады РИА Новости.

Актердің досы Вячеслав Смородинов сөзіне сүйенсек, Годовиков бейсенбі күні Петербургте өз үйінде дүниеден өтіпті.

“Дауысының әлсіреп кеткенін байқадым. Жақында ауруханаға түскен. Соның бәрін көңіліме алып, уайымдап едім… Бүгін таңертең мазасы болмай тұрғанын айтты, жедел жәрдем шақырайық деп едік, бас тартты. Күндізгі үш кезінде күйеу баласы келіп, қайтыс болып кеткенін көрген”, — дейді Смородинов.

Николай Годовиков өзін  жарының қасына жерленуді өсиет етіп кеткен екен.

Оқи  отырыңыз:

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Қазақстандық студент Австрия президентімен селфиге түсті

 

 

Талқылау