"Белімнің сақинасы айналып кеткен": Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы оғаш әрекетін түсіндірді
Фото: Видеодан скриншот
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет отырысында не себепті дұрыс отырамағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халық қалаулысы денсаулығының сыр бергенін айтты.
“Депутаты болсаң, отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақ боласың. Жұрт жарыса жіберіп жатыр. Айтайын, Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде "грыжаға" айналды ма, білмеймін. Дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне үлкен рақмет", – деді деп жазды депутат.
-
Депутат Дәулет Мұқаев декреттік төлемді миллиондап алуды үйреткен курсы үшін ақталды
-
"Басқа қозғайтын мәселе жоқ па": Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің наразылығын тудырды
Еске салайық, Дәулет Мұқаев "оптом" тұсаукесетінін жариялаған еді. Халық қалаулысы бір күнде бірнеше баланың тұсауын кесетінін жасырмай жүр.
"Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді", – дейді Мұқаев.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
