Белгісіз біреу түрмеге граната лақтырып, 20-дан астам тұтқын қашып кеткен
Конго демократиялық Республикасында белгісіз біреу түрмеге жарылғыш зат лақтырып, 20-дан астам тұтқынның қашып кетуіне себепші болған. Жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты.
Бұл туралы Reuters басылымы хабарлайды.
Гранатаны түзеу мекемесіне келушілердің бірі лақтырғаны анықталған. Қазір қашып үлгерген 20-дан асқан тұтқынға іздеу жарияланды. Оқиға орнынла полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда бағдаршамға қарамай өткен мопед жүргізушісі ауыр халде жатыр
Өртке кешігіп жеткен құтқарушылар кептеліске түсіп қалдық деп ақталды
Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр
Талқылау