Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қайын ағасы ұрып-соғып, зорламақ болған": Стилистер алты баланың анасын адам танымастай өзгертті

Заңгерлер Айман Омарова және Ләззат Рақышева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған алты баланың анасының сырт келбетін өзгертіп, жаңа образ жасап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алты баланың анасының адам танымастай өзгерген заңгерлер Facebook парақшаларында жариялаған. 

“Бұл әйел ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияға жүгінген. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны. Алты баланың анасы. Оның көкбауырын алып тастаған. Күйеуінің ағасы зорламақ болған. Оның тістері жоқ болатын. Досым Екатерина оның тістерін жасап берді. Көмекшім Ләззат Ракишева мен визажистім Юлия Қасымова қалғанына көмектесіп, образын өзгертті”, – деп жазды Айман Омарова. 

 

“Адамның ең ұлы қасиеті – бақытты болуға талпынуы! Біздің қорғауымыздағы алты баланың анасының өзгеру сәті! Бұл әр әйелдің ең керемет дүниелерге лайық екенін көрсетеді”, – деп жазды Ләззат Рақышева. 

Сондай-ақ желі қолданушылары жылы сөздерін айтып, әйелдің алдағы өмірі тек бақытты сәттерге толы болуын тіледі. 

“Айжан, айналайын, ендігі өмірін бақыт пен қуанышқа толсын! Алты балаңды өсіріп, солардың жақсылығына бөлене бер! Сәттілік! Барлық қиыншылықтарың артта қалсын!”, Қандай әдемі, құдды бір актриса сияқты. Ары карай өміріңіз осындай болсын! Ләззат, Айман ханымдар, жарайсыздар!”, “Ендігі өмірі де жақсы жағына осындай адемі өзгерсе, тіптен жақсы болар еді”, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. 



Еске салсақ, Қарасай ауданында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болып, ұрып-соққаны туралы хабарлаған едік. Бұл жайтқа қайын ағасының үлкен баласы да араласып, оны тепкілеп тастаған еді. 

 "Қайынағам зорламақ болып, ұлымен бірге соққыға жыққанда қайын жұртым да, күйеуім де жедел жәрдем шақырмай қойды" - деген алты баланың анасы жағдайдың қалай болғанын баяндап берген. 

Айжанның үлкен баласы 14-те, кішкентайы бір жарым жаста, алты баланың төртеуі мектепте оқиды. Уақытша тергеу изоляторында қазір қайын ағасының баласы ғана отыр. Ал зорламақ болған ер адам ұсталмады. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 03 Қараша, 2022 09:35
Талқылау