Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері кәмелеттік жасқа толмағандарды сексуалдық құлдыққа сатқан

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері кәмелет жасқа толмағандарды сексуалдық құлдыққа сатып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қылмыстық топтың іс-әрекеті тамыз айында тоқтатылған. Олар Шымкентте адам саудасымен, сексуалдық қанаумен, ұяларды күтіп-баптаумен және адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартумен айналысқан.

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың 23 қылмыс жасауға қатыстылығы дәлелденген. Таяуда адам саудасымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды.

“Үш ұйымдасқан топты құрықтадық. Ұсталды. Соның ішінде 11 адам қамауға алынды. 27 жәбірленуші бар, оның ішінде алтауы кәмелетке толмағандар, оны осы жуырда ғана ұсталған топ ол. Бүгін тергеу барысында жүріп жатыр”, – дейді ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Талқылау