Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында екі жүк және бес жеңіл көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында жеті көліктің қатысуымен жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Әлеуметтік желіде келеңсіз оқиға жолдың 28-ші шақырымындағы "Барыс" базарының маңында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жүк көлігі мен бес жеңіл көлік соқтығысқан.

Жол апатына кінәлі адам әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында Гоголь мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында Mitsubishi Outlander көлігі жолдан шығып кетіп, бағанаға соғылып, арыққа құлап кеткенін жаздық.

Талқылау