Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

Бауыржан Есебаев бірнеше хит әндердің авторы. Ән әуенін ғана емес, әнге сөз жазады. Алайда бүгінде сазгерге тапсырыс беретіндердің қарасы азайған. Оның өзіндік себептері бар. Ал әншілік жолға еңбекпен де, арзан жолмен де келетін әншілер көп дейді сазгер.

"Менің әйелім қызғаншақ емес. Желіде сондай жалған ақпарат тарады. Керісінше мен әйеліме "неге мені қызғанбайсың?" деп жүремін. Ол өте мейірімді, иманды әйел. Сондықтан иманды әйел себепсіз қызғанышқа бармайды. БАҚ-та мынадай ақпарат тарап, мені қарабет етіп көрсетті. Мен жұлдыздарға, болашақ әншілерге танылудың, жұлдыз болудың жолын үйрету мақсатында шеберлік сыныбын өткіздім. Оған өзім журналист інілерімді шақырдым. Сол дәрісте "ақшасыз танылуға бола ма?" деген сауал қойылды. Мен ақшасыз қалай танылуға болатынын талдап айтып бердім. Ән сөзі мен әнін жазып, мамандарға жаздырып, желі арқылы жарнамалап, шығуға болатынын айттым. Бірақ бұдан да оңай әрі тез жолы бар.



Бұл бұрын да болған, қазір де бар. Тек көпшілігі мойындамайды. Мәселен, әннің өтемін төсек арқылы өтеу. Төсек қатынасын ұсына отырып, ән жаздыру. Немесе ән жазып бере алатын қалталы азаматтарға сатылу деген сияқты. Маған да ән орнына төсек ұсынған қыздар бар. Олардың атын атамаймын. Мен дәл осындай арзан жолдан аулақ болуға шақырдым. Бұндай жолды таңдамай, керісінше ауыр болса да өзің еңбектен дегенді жеткіздім. Ал, телеарналар менің сөзімді монтаждап, төсек арқылу танылуға болады деп көрсеткен. Мені сондай арсыздыққа үйреткен адам секілді көрсетіпті", - деп күйінді композитор "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында.

Сазгердің айтуынша, өзінің қаламақысы 10 мың доллар. Оның ішінде ән жазудың барлық процесі бар. Мәтінін жазу, әнін жазу, аранжировкасын жазу, әншіге дайын етіп беру секілді жұмыстар атқарылады. 

"Мен өзіме тапсырыс келмесін деп бағаны осылай көтеріп қойдым. Себебі ән жазу жауапкершілік. Оны кім орындайды, қалай орындайды, бәріне жауапкершілік артады. Маған тапсырыс аз болсын деп қаламақыны көтеріп қойдым. Сондықтан да маған ешкім 10 мың долларға ән жаздырған емес. Себебі 50 мың теңгеге, 100 мың теңгеге басқаларға ән жаздыра салады", - деді Есебаев.

Талқылау