Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"KEGOС"-тың бұрынғы басшысы еліміздегі жылу желілеріне қатысты тағы бір мәселенің барын айтты

"KEGOС"-тың бұрынғы басшысы, энергетик Әсет Наурызбаев елімізде туындаған жылу желілерінің тозу оқиғаларын ретке келтіру үшін біраз уақыт қажет екенін айтып, сонымен қоса тағы бір мәселенің туындағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асет Наурызбаев

Фото: Владимир Третьяков 

Қазақстанда жылу желілеріне қатысты мәселелер қайта басталғанына назар аударған Наурызбаев төтенше жағдайлар министрлігінің жылыту пушкаларын, құбырларды, бекіту арматурасын және т.б. керекті заттарды жинағанына ал әкімдіктер жөндеу бригадаларын дайындап отырғанына үміт артады.

“Жылу желілерінің тозу мәселесін шешу көп уақытты қажет етеді, алайда тағы бір мәселе бар. Биыл Алматы энергетика және байланыс университетінде "Жылу энергетикасы" мамандығына бірде-бір студент түскен жоқ. Енді бір-екі жылда бұл мамандық жабылады. Саланың еңбек сіңірген ардагерлерін алмастыратын ешкім болмайды, сосын шетелдіктерді шақыруға тура келеді”, –дейді ол.



Ол еліміздегі орталық жылыту – жай ғана бизнес емес, өмірдің маңызды бөлігі екенін атап өтеді.

“Егер ғылым және жоғары білім министрлігі мақсатты гранттар беруді қолға алмаса, бұл іргелі техникалық күрделі пән бойынша жас мамандар мүлдем қалмайтын болады”, – дейді Әсет Наурызбаев.

Талқылау