Бекзат Алмахан Катардағы UFC турнирінде Илия Топурияның ағасымен жекпе-жекке шығады
Фото: UFC
Қазақ спортшысы Бекзат Әлмахан 22 қараша күні Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның қарсыласы – жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топурия болмақ.
Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, тараптар келісімге келген, енді тек келісімшартқа қол қоюдың ұсақ-түйек рәсімдері қалды. Әлмахан жекпе-жекке келісімін берді, ал ресми жариялау жақын күндері күтіледі.
Александр Топурияның көрсеткіші аса әсерлі емес, бірақ ол ағасы Илияның сұхбаттары арқылы көпшіліктің назарын аударды. Илия бауырының командадағы негізгі тактикалық рөлін және соққы дайындығына қосқан үлесін ерекше атап өткен. Александр UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін биыл ақпанда өткізіп, австралиялық дебютант Колби Тикнессті төрешілер шешіммен жеңген.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды