Бекшин алматылықтарды маскасыз жүргендермен бірігіп күресуге шақырды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын маскасыз жүргендермен бірігіп күресуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге алматылық әйел қоғамдық көліктерде жастар маска тақпайтынын айтып, әрбір аялдамада ескерту жасау керек деп ұсынды.
"Қазіргі таңда қала тұрғындарының салғыртығының салдарынан ауру жұқтырғандардың саны көбейіп кетті. Алматылықтар маска тағуды мүлдем ұмытты. Мәселен, Түркияға барсаңыз, онда маскасыз жүрген адамды көрмейсіз. Себебі ондай адамдармен халық күреседі. Сол себепті де сіздерге айтарым, маска таққысы келмейтіндерге ескерту жасаудан қысылмаңыз! Біз халық арасында мұндайға төзбеу керектігін насихаттауымыз керек. Полиция мен мониторингтік топтарға сеніп отырмай, бірігіп күресейік", - деді Бекшин.
Еске салайық, бұған дейін қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарық көрген еді. Онда қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы және оқушылар мен студенттердің білім алу форматы айтылған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
