AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Bek Air" тағы 7 миллионнан астам теңгені қайтаруға міндеттелді

Алматының Түрксіб аудандық соты "Bek Air" әуекомпаниясынан сатып алынған билеттер үшін, жолаушыларға жеті миллион теңге қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Bek Air компаниясының заңбұзушылықтары мен проблемалары аталды

Сотқа билетінің ақшасын қайтара алмаған 119 қазақстандық қатысқан. Олар жалпы сомасы жеті миллион теңгеден асатын 233 әуе билетін сатып алған. Десек те 2019 жылы орын алған ұшақ апатынан кейін, олардың билеттері күйіп кеткен. Компания жолаушыларға ақшаларын қайтарып бермегендіктен, олар сотқа жүгініпті. 

"Сот Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. "Бек Эйр" әуекомпаниясы тұтынушыларының бұрын сатып алынған билеттерінің құнын толық өтеуге міндетті деп танылсын", - Алматықаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Индира Әбекова.

Сотқа әуе ұйымының өкілдері қатыспаған. Бұған дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шағымы бойынша "Bek Air" компаниясы 103 миллион теңгесін қайтаруға міндеттелген еді.


Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Заңсыз жер сатқан шенеуніктерге қатысты үкім шықты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр