Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Беделімді түсіру үшін айтылған жала": Бақытжан Базарбек үстінен іс қозғалғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

Белгілі қазақстандық заңгер, мәжіліс депутаттығына үміткер Бақытжан Базарбек үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпаратқа түсінік берді. Ол бұл мәліметті алғаш таратқан Мұхтар Тайжанның әрекетін "жалған ақпарат таратып жала жапты" деп атады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Базарбек-Тайжан коллаж

Бұған дейін Тайжан азамат Пушилина Галина Федоровнаның Талғар полиция бөліміне арызын қабылдау және Базарбекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы қаулының суретін жариялап, Базарбектің азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін кінәлі екенін айтқан.

Адвокат Тайжанның жазбасын "оның беделіне нұқсан келтіру мақсатында жазылған жала" екенін айтады.

Базарбек түсіндіргендей, бұл қылмыстық іс жер мәселесіне қатысты болған.

"Пушилина Г.Ф.-ның сот ісі азаматтық іс, онда мен 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің РСМГ мүшесі ретінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту бөлігінде жер заңнамасының бұзылуын анықтадым. Менің Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасына жазған арызым негізінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруашылық учаскеден жеке қосалқы шаруашылыққа ауыстыру заңдылығына тексеру тағайындалған", - деп түсіндіреді Базарбек.



Базарбек қолында Талғар аудандық сотында қаралған Г.Ф.Пушилинаның жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы Алатау ауылдық округі әкімінің шешімін жарамсыз деп тану туралы соттың барлық материалдары бар екенін атап өткен.

"Өзге жеке деректерді жинау үшін ешқандай заңсыз әрекеттер жасаған жоқпын және бұл жала менің назарымнан тыс қалмайды", - дейді заңгер.

Ол Тайжанның жазбасы полиция бөліміне арыздануының бір ғана себебі – сайлаушылардың алдында беделіне нұқсан келтіру болғанын баса айтады.

"Тайжан мырза, сіздің мені қаралау әрекеттеріңіз сәтсіз аяқталды, өйткені жақын арада мен бұл іс бойынша сот отырысының материалдарын жария етемін. Сайлаушыларымыз менің бәсекелесімнің бұл пиғылына бой алдырмай, кінәні жаладан, өтірік пен шындықты айыра білуіміз керек. Ешнәрсе етпейді, артымызға алаңдамай, әділ жаңа Қазақстанды құруға және ескі жемқор Назарбаев өкілдеріне қарсы күресімізді жалғастырамыз", - дейді Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, Бақытжан Базарбек пен қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан екеуі бір №5 сайлау округінен ұсынылған.

Еске салайық, 19 наурызда елімізде парламент мәжілісі мен мәслихаттығының кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Талқылау