"Байсыз қаласың": Ашық-шашық киінген Мәдина Сәдуақасованы жұрт сынға алды
Ашық-шашық киінген Мәдина Сәдуақасованы жұрт сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәдина, абыройыңды құртпашы, жалаңаштанбашы", "Дұрыс айттыңыз мен Мәдинаны көргенде қазақилықтың исін сезуші едім. Күдіктеніп отырмын", "Сорлы-ау, осылай жүріп байсыз қаласың сен", "Өзіңді ойламасаң да, ұлы жазушының немересінің намысын ойламадың ба", - деп пікір білдірді жұрт.
Ашуға мініп алған желідегілер өнер иесінің ата-енесін де айтып, бетіне басты. Ұлы жазушының келіні бұлай жүрмеу керек дейді олар. Осылайша желідегілер жарыса пікір қалдырып, Мәдина Сәдуақасоваға ауыр сөздер жазған.
"Қазақтың қыздарына мүлдем жараспайды, Алла сақтасын", "Жас емессің ғой, ата-енеңнен ұят емес па", "Жолдыбаеваға еліктеген түрің ба қартайғанда", "Басыңды емес, үстіңді жапсаң жөн болар еді", "Жалаңаштанған саған жараспайды екен, Мәдина", - дейді олар.
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме