Байден өзінің жеңіске жететінін және тарихта болмаған дауыс жинайтынын айтты
Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байден өзінің сайлаудағы жеңісіне күмәнданбайтынын айтты. Ол ресми нәтижелер шыққанға дейін сабырлық сақтауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз әлі жеңдік деп айтуға дайын емеспіз. Бірақ сандар біздің жеңетінімізді көрсетіп тұр", - деді ол.
Сонымен қатар, демократ қазірдің өзінде Пенсильвания мен Джорджия штаттарында, сондай-ақ Аризона мен Невадада жеңіске жететініне сенімді. Дегенмен ол штаттардың дауыстары әлі есепке алынбаған.
- Трамп сайлауда алаяқтық орын алғаны үшін Жоғары сотқа жүгінетінін айтты
- АҚШ-та президент сайлауы басталды: Ел жаппай тәртіпсіздіктерге дайындалуда
Президент болу үшін үміткерге 270 сайлаушының дауысы қажет, бірақ Байден 300-нің бәрін алуға ниетті екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, оған 74 миллионнан астам адам дауыс берген.
"Бұл АҚШ тарихындағы барлық мемлекет басшыларының нәтижесінен асып кетеді", - дейді Байден.
Еске салсақ, осыған дейін АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болғаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”