Баян экс-қайын сіңлісі туралы: Ол өзі күйеуімен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шығып алған
Атышулы Баян Мақсатқызының Тұрсын Алагөзовке қашан тұрмысқа шығатыны белгілі болды. Баян мен Тұрсынның әлі күнге дейін заңды некеге тұрмағанына не кедергі? Баянның бұрынғы күйеуінің туыстарына деген көзқарасы қандай?
Бұл сұрақтың жауабын «Еуразия» арнасының жаңалықтары берді.
Бұл күндері ел аузында жүрген Баян Мақсатқызының Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығуына әлі біршама кедергілер бар екен. Себебі сүйіктісі бұрынғы әйелімен ажырасқанымен, ол аппеляциялық сотқа қайта шағымданған. Алайда сот ресми түрде екеуін екі жаққа айырыпты. Шешім заңды күшіне тек 2 айдан кейін ғана енетіндіктен, Баян мен Тұрсын заңды некеге тұру үшін осыншама уақыт күтуге мәжбүр.
«Бұған дейін айтқанымдай, болашақ жарыммен заңды түрде некелесуіме тосқауылдар өте көп. Себебі оның бұрынғы жұбайы жарты жылдай ажырасуға келісім бермеді. Қазір бәрі шешілді. Енді екі ай күту керек», – дейді Баян ағынан жарылып.
Продюсерлердің акуласына айналған Баян Мақсатқызына бұрынғы жолдасының туыстары маза бермейтін сыңайлы. Экс-Есентаеваны жерден алып, жерге салған Бақытбектің қарындастары жеңгелеріне өкпелері қара қазандай екенін әлеуметтік желіде бірнеше рет жазған болатын. Ал ұзынқұлаққа аса мән бермеген продюсердің оларға айтар уәжі мынадай:
«Әр адамның өз шындығы бар. Ал менің бұрынғы қайын сіңлімнің айтып жатқан былапыт сөздеріне қатысты ештеңе айтқым келмейді. Тіпті, мен онымен ешқашан жақын араласқаным жоқ. Жылына 1-2 рет балаларымның туған күніне келетін. Ол не айтса да өзі біледі, ең бастысы, шындықты тек қана мен білемін. Ескеретін бір жайт, ол өзі тұрмыста бола тұра, сүйген жарынан айырылысып, екінші рет тұрмысқа шығып алған», – дейді Мақсатқызы.
Дегенмен экс-Есентаева қыздарының әкелерімен тығыз байланыста екенін айтады. Айына үш рет хал-жағдайын біліп қайту үшін түрмеге кездесуге барып тұратын көрінеді. Тіпті, телефон арқылы күн сайын тілдесіп тұрады екен.
«Екі қызым да әкелерімен тілдесіп тұрады. Менің оған ешбір қарсылығым жоқ. Себебі оны әке ретінде өте құрметтеймін», – дейді экс-Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Жеңіс Ысқақова құда-құдағиының дәрігер екенін айтып мақтанды
“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады
Қайрат Нұртастың жарын құшақтап билеген видеосы желіні шулатты (видео)