Атақты дизайнер Аида Кауменова екінші рет тұрмысқа шықты

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 15:59

Динара Сәтжанның туған күніне шақырту алған санаулы мәртебелі меймандар арасында әрине Аида Қауменова да бар. Тек, сәнгер бұл жолы жалғыз келген жоқ. 40-тан асқанда өмірлік жолдасын тауып, тұрмысқа шығыпты.

Шымкентке келін болған бикеш сүйіктісі туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына айтып берді.

«Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. 41-ге толып мен ойлаймын сүйікті, нағыз іздеп жүрген ер азаматпен қосылдым», – дейді Аида Кауменова.

«Құрбым Баянның ақ орамалы бізге де жұғысты болды» – деп, әзілдейді сәнгер. Шымкенттік ер азаматтың етегінен ұстап, таяу күндерде мешітте некелерін қидырған.

«Ең үлкен парызымыз Құдайдың алдынан өттік. Ал, қалғаны ол да бәрі Құдайдың қолында», – дейді сәнгер.

Әзірге, отау тігу  салтанаттарының қай кезде болатынын дөп басып айта алмай отыр. Дегенмен, жақын келешекте қалыңдық көйлегін киіп, өнер мен өмірдегі үзеңгілестірінің басын қосып, дүбірлі той жасау ниеттері бар.

Әзірге келін шәй құйып, орамалды да тағып, сәлемді де салып қайын жұртына қызмет қылмақ.

«Өзім қазақтың қызымын. Қазақтың салт – дәстүрінің бәрін орындауға тырысамын. Ол деген маған қуанышты зат», – деп бөлісті Аида Кауменова.

Сәнгердің алғашқы некеден бой жетіп қалған қызы бар. Бәлкім, бұл жолы да бесік тербетер.

Жіберіп алмаңыз:

“Мен нашар екенмін”: Айнұр Тұрсынбаева тағдырына жақындарын кінәлаған күндерін еске алды

Қайрат Нұртас әріптесінің туған күніне жары Жұлдызбен бірге келді (фото, видео)

Баян Мақсатқызы сүйіктісін киноға түсірмек

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар