“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 11:47

Батырхан Маликов, яғни «91-лік» Alem көлік рөліне бұрын-соңды жоламаған! Мемберге «Қағаз кеме» телехикасының түсірілімі үшін арнайы жүргізушілер курсына баруға тура келіпті. Бәрін меңгеріп, автосын тізгіндеп көшеге шыққанда бірден полицейлердің құрығына іліккен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сценарийге сай көлікті құйындататын жүгенсіз жүргізушіні сомдауы қажет болғандықтан, Alem автомектепте біраз тәлім алған-ды. Дегенмен, рөлге аса құмартып тұрмағандықтан бірінші жолға шыққан күні–ақ қателікке бой береді.

“Әл–Фарабидің бойымен сол съемканы түсіріп бастағаннан кейін МАИ ұстап алды. Олар штраф жазып берді”, – дейді «Ninety One» тобының мембері Bala.

Айыппұл – жауапкершілігін арттыра түскендей… Бүгінде, ол ең тәртіпті көлік жүргізушісі. Бұған қоса, актерлік шеберлігін де әжептеуір шыңдап алған.

“Әркімге өзінің персонажын өзі толықтыру керек болды. Оның характерін, оның өмірбаянын, оның сөздерін. Сценарий берілгеннен кейін тағы да өзіміз үстінен құрастырып жаттық”, – дейді Alem.

Әсіресе, Zaq пен A.Z-ге қиын тигені анық. Себебі, олар әуел баста телехикаяда бой көрсетпейтін болған. Кейін, қосымша кейіпкерлер ретінде сценарийге қосылып, образдарын ашуда оларға біраз еңбектенуге тура келді.

“Аяқ астынан ішіне кіріп кеткендіктен біздің екеуміздің рөлдер сценарийде әлі толықтырылмаған, жартылай жоқ десе де болады. Сондықтан, көбінесе екеумізге өзімізге бірдеңе қылу керек болды. Импровизация жасау керек болды. Соның 80-90%-ын сериалдың ішіне алып қалды”, – дейді Zaq.

Мемберлер сан-алуан эмоцияны бастан кешіруге тура келді дейді. Төбелесіп батылдық танытқан және көздеріне жас алып әлсіздіктерін де жасыра алмаған сәттері болған.

“Махаббат, драма, комедия, музыка, боевик! Ішінде бәрі бар негізінде. Кішігірім негізі кішігірім фэнтези ғой анау”, – дейді Zaq.

Иглздар «Қағаз кеме» телехикаясының тизерін тағатсыздана тосуда. Тұсауы кесілер күнге дейін әр минуттарды санаумен жүр! Сол сарыла күтуге татырлық дүние шығарына көптің күмәні жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні жайлы фильмді көргенде ағыл-тегіл жылағанын айтты

Қытайда Димаштың домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

Қайрат Нұртастың жарын құшақтап билеген видеосы желіні шулатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар