Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Тұрсын кітаптан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды

Баян Мақсатқызы күні кеше сатылымға шыққан кітабынан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ. Аталған идеяны сүйіктісі Тұрсын Алагөзөв мырза ұсынған екен.

19121022_114181249185790_6774945622471475200_n

Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен сұхбат” бағдарламасында айтылды.

“Бүгінде мені қорғайтын адамдар жоқ. Мен оларды, олар мені жақсы көретін адамдар бар. Бірақ, кешегі кішкене Баян мен бүгінгі Баянды салыстыруға болмайды. Үнемі алдымда тас қорғаным – анам болды. Өзімнің барлық жасағандарым, айтқан сөзім үшін әрдайым жауап бергенмін және жауап беріп келемін. Ешкімнен мені қорғауды сұрамаймын. Бәлкім, бұл менің мінезімнің ерекшелігі шығар. Әрине, бұл маған қорғаушы керек емес деген сөз емес”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Бұдан өзге продюсер өзінің алғашқы махаббаты туралы айтып берді. Бір кездері Алеша есімді өзге ұлт өкіліне ғашық болған екен. Ол бұл уақытта өзінің аңғал қыз болғанын айтады.

“Алешамен байланысты оқиғалар менің жадым мен жүрегімде мәңгілікке қалып қойды. Айырылысқан соң араға 5 жыл салып оны тек бір рет көрдім. Бірақ, ол кезде мен ақкөңіл, нәзік, аңқау Баян емес едім”, – дейді ол.

Күні кеше сатылымға шыққан кітабынан түскен қаражатты Баян Есентаева тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдер ұйымын құру үшін жұмсамақ. Оған бұл идеяны сүйіктісі ұсынған екен. Мұнымен қатар, Тұрсын Алагөзов мырза Баян Мақсатқызының 20 мың дана кітабын басып шығарып отыр.

“Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығын ашу идеясы бір жылдан бері ойландырып жүр. Мен көптеген адаммен кездесіп, осы жөнінде сөйлестім. Аталған қоғамдық ұйымның құрылымдары туралы іздендім. Осы құрылым табысты жұмыс істеуі үшін ақша керек екенін жақсы түсініп отырмын. Кітабымды жазып бітуге аз қалған кезде Тұрсын маған бір идея ұсынды. Ол “Кітаптан түскен қаражаттың барлығы қоғамның пайдасына, тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдердің пайдасына жұмсалуы тиіс” деді. Құдайға шүкір, мен әрдайым берген уәдемді орындаймын. Ал бірнәрсені жасай алмайтын болсаң, ол туралы айтудың қажеті жоқ. Яғни осы қоғамдық ұйымды құруыма кітабым себепші болмақ. Өкінішке орай, елімізде тұрмыста зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер өте көп”, – дейді продюсер.


 Жіберіп алмаңыз:

Желідегілер Төреғалиді екінші рет әке атануымен құттықтады

Қытайда Димаштың әнін шырқайтын ойыншықтар шығарылды (видео)

«Каzахи» КВН жоғары лигасының жазғы кубогын жеңіп алды (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек желідегі ең танымал жұлдыздар қатарына қосылды

Талқылау