Баян Мақсатқызы таспалаған фильм халықаралық жүлдеге ие болды
Баян Мақсатқызының эстрада өнеріне ғана емес, кинематография саласына үлес қосып жүргені барша жұртқа аян. Атышулы продюсердің ең алғашқы еңбегі Мейрамбек Бесбаев пен Мөлдір Әуелбекова басты рөлді сомдаған “Ғашық жүрек” кинофильмінен басталған болатын. Фильм көпшілік көңілінен шыққан соң, экс-Есентаева кинофильмдер мен телехикаяларды қарша боратты, деп хабарлайды Stan.kz.
Солардың бірі жетім балалар тақырыбын көтерген “Өгей жүрек” телехикаясы халықаралық жүлдеге ие болды. Бұл туралы Баян Мақсатқызы инста-парақшасында жазды.
“Тынық мұхиты ABU ақпарат тарату одағы “Өгей жүрек” драмасы үшін бізге арнайы сый тағайындады. Айта кетейік, аталған одаққа әлемнің 69 елі кіреді. Бұл біздің кино саласындағы алғашқы халықаралық жүлдеміз. Командамды мақтан тұтамын, киноға деген махаббаттары мен кәсібиліктері үшін барлық ұжымға алғыс айтамын”, – дейді Мақсатқызы.
Айта кетейік, аталған кинокартинада Кәмшат Жолдыбаева, Азат Сейтметов пен Дәстен Шәкіровтер басты рөлді сомдаған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова: Қазақстанда келінім Жұлдыздан асқан сұлу әйел жоқ
Ирак өкілі “Әлем аруы” байқауына 45 жылдан кейін қатыспақ
Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екеумізді ажыратқысы келген адамдар көп болды