Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді
Баян Мақсатқызы «Сиситай» фильміне 130 млн теңге жұмсағанын және фильмдегі ең қымбат актриса өзі екенін айтты.
Продюсер «Түнгі студия» бағдарламасында қонақ болып, шығармашылығы жайлы айтты.
«Сиситай атауының не себепті олай қойылғанын фильмді көргенде түсінетін боласыздар. Қазақ болса, бәрі түсінеді. Бұл фильмге барлығы 130 млн теңге жұмсалды. Ал, фильмде гонорары ең көп актриса менмін. Бірақ мен ақша алған жоқпын», – деп күлді продюсер.
Жүргізуші продюсерге өзінің қоластында жұмыс істеген әнші қыздардың суретін көрсетіп, оларды қандай тамаққа теңейтінін сұрады.
«Алау» тобының әншілері әлі піспеген сорпа. Тек еті ғана бар сорпа. «Лашын» тобы бұзылған салат. Өйткені, қазір жоқ. Мөлдір Әуелбекова картоп. Ал, Кәмшат Жолдыбаева құрамында дәмділері көп спагетти. Жанар Дұғалова ащы корей салаты. Құрамындағы заттар бұзылмайды. Ал, «Кешю» тобы орамжапырақ. Маған біраз ақша да әкелген осы топ», – деді продюсер.
Тағы да оқыңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек
Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты