Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы мен белгілі әнші “Қозы мен Баян” телехикаясы үшін дауласып қалды

Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы төңірегіндегі дау әлі де толастамай тұр. Көпшіліктің наразылығын тудырған тарихи туындыға қатысты әнші Меруерт Түсіпбаева бірнеше рет пікір білдіріп, продюсерден фильм түсіріліміне жұмсалған ақшаны қайтарып беруін талап еткен еді. Алайда көпшіліктің пікірі шамына тисе керек, Баян Мақсатқызының өзі телехикаяны сынағандарға жауап берді. Тіпті продюсер мен Меруерт Түсіпбаеваның арасында дау туды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Меруерт Түсіпбаеваның «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясына қатысты айтқан сынына Баян Алагөзова жауап беріп, түсірілім басталмас бұрын әншінің фильмде рөл сомдағысы келгенін алға  тартты.

«Меруерт, сенің біздің кастинг директорымызға бірнеше рет хабарласып, Баянның анасының рөлін сомдап, жаңа жылдық қойылымның түсіріліміне шақыруымызды  сұрағаныңды ұмытып кетіппін. Сенің хит әндер орындамағаның үшін, фильмдерде жарқын рөл сомдамағаның үшін кешірім сұраймын. Сондықтан прождюсер ретінде сенің жақсы маман екенің күмін келтіремін. Оған құқылымын. Осы тұрғыдан алғанда, сенің ренішіңнің себебі түсінікті. Әркімге өзіне тиесілі бұйырады. Одан да жақсы ән тауып, өз фильміңе продюсерлік етіп, өзіңді басты рөлге бекіт. Өзіңнің бәрінен артық екеніңді дәлелдк. Бірақ ол туралы ешкім де білмейді», – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі парақшасында.

Өз кезегінде Баян Алагөзованың бұл пікіріне қатысты Меруерт Түсіпбаева үнсіз қалмады. Әнші аталған техехикаяда рөл сомдауды ойламағанын, тек Сатаевтың туындыларында бой көрсеткісі келетінін айтты.

«Жала жабу заң жүзінде қарастырылған. Сіздер не туралы айтып тұрсыздар? Дәлелдеңіздер. Мұндай өтірікті күтпеп едім. Телехикаяның түсірілгенін Бейшенәлиевтың сұхбатынан білдім. Ол кезде телехикая түсіріліп қойған. Мен оның нөмірін де білмеймін», – деп жауап берді Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында.

Сондай-ақ әнші заңға бағынатын салық төлеуші ретінде бюджеттегі қаржының қайда жұмсалып жатқанын сұрауға қақысы бар екенін айтты.

«Заңға бағынатын салық төлеуші ретінде бюджеттегі қаржының қайда жұмсалып жатқанын кез-келген адамнан сұрауға қақым бар. Ол Баян не Саян болсын. Ол менің әлдекімді ұнатпауыма байланысты емес. Телехикаяны Қазақстан элитасы сынады. Салдарынан эфирден алып тастады. Біз фильм түсірушілермен келіссөзге келуге дайынбыз. Күтеміз. Тараптардың шағымы ашық айтылуын өтінемін. Дау арқылы ақиқаттың беті ашылады. Бұл «Абайла, сиыр» емес, біздің халқымыздың тарихы ғой. Баян, биік бол. Адамның қолынан бәрі келуі мүмкін емес. Ащы сынды қабылдай біл. Менің шығармашылығыма баға беретін сен емес. Сократ – менің досым, бірақ ақиқат қымбат», – деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.

Ал танымал тұлғалардың арасындағы дауға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді. Бірі телехикаяның түсірілімі көңілдерінен шықпағанын айтып, Меруерт Түсіпбаеваны жақтаса, келесісі Баян Алагөзованы жақтап әлек.

Оқи отырыңыз:

Жүрсін Ерман мен Мұхамеджан Тазабектің төңірегіне топтасқан ақындар бір сахнада айтысқысы келмейтін болған

Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған

Димаш Құдайберген «Қазақ жауынгерімен» кездесті

Голливуд жұлдызы өз құрбысына тұрмысқа шықты

Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)

Талқылау