Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Баян Мақсатқызы Торғай-Арқалық жұртына сәлем салып, елді таңғалдырды

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Торғай-Арқалық жұртына сәлем салып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер өкілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұрты, әйелі Мөлдір Мұқанованың туған жеріне сәлем салып, елді таңғалдырды. Видеоны әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында жариялады.

"Мөлдірдің оқырмандарына бір сәлем. Торғайлықтар, Арқалық, Амангелді Иманов, бір сәлем. Мен негізі ылғи да сәлем саламын", – дейді Баян Мақсатқызы.



Ал Мөлдір Мұқанова продюсердің сәлем салатынын тілге тиек етті.

"Байқадыңыздар ма, осы кісі менің stories-імді көрсе, сәлем салады", – дейді Тұрсынбек Қабатовтың әйелі.

Айта кетейік, Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап, “жабайылыққа” теңеген еді. 

“Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем, бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Бірі сыйластықтың белгісі деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген", – деген еді продюсер. 

@moldir.mt3 #мөлдірмахаббатпен #мөлдірмұқанова #rec ♬ оригинальный звук - Moldir.Mt
Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 13:44
Талқылау