Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы әйелдерге екі күйеуге тұрмысқа шығуды заңдастыруды ұсынды

МақсатқызыФото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy?

Танымал қазақстандық продюсер, актриса Баян Мақсатқызы әйелдерге екі күйеуге шығуға заңмен рұқсат беру керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның екі әйел алуды заңдастыру туралы айтқан сұхбатына пікірін білдірді.

“Менің ойымша, бұған жауап ретінде екі күйеуге шығуға заңмен рұқсат ету керек! Неге болмайды? Ер адамдарға көп әйел алуға болады, ал әйелдерге болмай ма? Біздің ел заң жүзінде зайырлы мемлекет қой - барлығымыздың құқымыз тең! Билік өкілдерінің шариғат заңымен өмір сүруді ұсынғанын қалай түсінеміз?”, – деп жазған ол.

 

Тоқал алу

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy?

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші әйел алуды заңды түрде қарастыру керегін айтқан болатын. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 17:29
Талқылау