Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Есентаеваның жаңа махаббаты туралы ақпарат пайда болды. Оған сәйкес, өткен жылы күйеуімен ажырасқан Баян Есентаева алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл жарастырып жүр.

баян турсынгали

Айта кететіні, продюсердің үлкен қызы Айсәуле Бақытбек өткен жылдың шілде айында анасының жаңа махаббаты туралы сыр білдіріп қойған. Сол кезден бастап жұрт Есентаеваның жаңа махаббатын іздей бастады.

Естеріңізде болса, жұрт продюсерді атыраулық кәсіпкермен көңіл қосты деп шулады. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ.

Есесіне Есентаеваның алматылық кәсіпкермен көңіл жарастырып жүргені белгілі болды. Танымал продюсердің өзі әзірге бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

404061

Алайда күні кеше ғана Алагөзовтің желідегі парақшасында Есентаевамен түскен суреті пайда болды.

Бұған дейін жұп шетелде бірге демалып қайтқан ұқсайды. Оған Есентаева мен Алагөзовтің желідегі парақшаларында бір уақытта жарияланған мына суреттер дәлел.

Еліміздегі ең танымал продюсердің көңіл қосқан азаматы туралы не білеміз?

Тұрсынғали Алагөзов

1969 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген.

Әкесі: Тұрым Алагөзов – композитор және дирижер, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі.

«Көп жетістікке жеттім дей алмаймын. Жалпы адам баласына бұл туралы ауыз ашудың өзі артық. Бастысы – әйелім екеуміз екі азаматты тәрбиелеп өсірдік. Тұрсынғали мен Асқар, олардың не істегенін өздеріңіз де көрдіңіздер», – деген болатын Тұрым Алагөзов бір сұхбатында.

1987-1989 жылдары Тұрсынғали Алагөзов Ресейдегі Благовещенск қаласында әскери борышын өтеген.

1993 жылы ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығының механизациясы мамандығы бойынша тәмамдаған. Одан кейін Қытайдың Си Янь қаласындағы Солтүстік-батыс университетінде білім алған.

1992 жылдан бастап цех шебері болып жұмыс істеген.

1993-1997 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты.

1998 жылы Тұрсынғали Алагөзов «GALANZbottlers» компаниясының негізін қалап, директорлар кеңесінің төрағасы атанды. Бүгінде «GALANZbottlers» Maxi Чай және елімізге танымал өзге де сусындарды өндіреді.

Қайырымдылықпен айналысады. Қазақстандық «Аналар үйі» (“Дом Мамы”) жобасын іске асыруға Айдын Рахымбаевқа қолғабыс етеді. Осындай үйлердің бірін Орал қаласында ашқан.

Screenshot_25

Тұрсынғали Алагөзов қызымен бірге

«Тұрсынғали Алагөзов қаржылық жағынан көмектесіп қана қоймай, жобаны насихаттаумен айналысады. Оның басшылығымен әлеуметтік роликтер мен бағдарламалар жасалады», – деген еді Рахымбаев Forbes-қа берген сұхбатында.

«Марқұм анамның өмірі ауыр өтті, ол балалар үйінде тәрбиеленді, бүгінде менің жасап отырғанымды жоғарыдан бақылап отыр деген үміттемін», – деді Тұрсынғали Алагөзов Алматыдағы кезекті «Үйдің» ашылуында.

Айта кетейік, 2016 жылдың 17 қыркүйегінде Баян Есентаева алғаш рет «Аналар үйіне» барған суретін жария еткен болатын.

Ал Алагөзовтің өзі отбасылы, екі ересек баланың әкесі.

Кәсіпкердің жұбайы – Алагөзова Ляйсира Маратқызы. 1968 жылдың 24 шілдесінде туған.

Қызы – Әмина Алагөзова. 1990 жылдың 17 қазанында дүниеге келген.

Ұлы – Арсен Алагөзов. 1996 жылдың 30 маусымында дүниеге келген.

404068

Жіберіп алмаңыз:

Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты

Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)

«Көршінің қызын» айтпағаны үшін қария Тоқтар Серіковті балағаттап кеткен

Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау