Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен заңды түрде ажырасқаны белгілі болды

Танымал продюсер Баян Есентаеваның өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен ресми түрде ажырасқаны белгілі болды.

photo_205827

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“2016 жылдың 22 тамызында Медеу аудандық соты арыз беруші Баян Есентаеваның талаптарын орындауға үкім шығарды. Бақытбек Есентаев пен Баян Есентаеваның некесі заңды түрде өз күшін жойды”, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде.

Соттың мәліметіне сүйенсек, продюсер өзінің тегін өзгертпеген.

Айта кетейік, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Баян Есентаева балаларының әкесіне кешірім беретінін айтқанымен, сот Есентаевтың үстінен кесілгін үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал танымал продюсер жуырда алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінің құпиясын ашты

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Баян Есентаева оқушы кезінде ұстазының өзіне ғашық болғанын айтты

Баян Есентаева мектеп кезінде оқушы қыздардың өзін қалай қорлағанын айтты

Талқылау