Есентаева 500 теңгеге алған тәпішкесін көрсетіп әзілдесті (фото)
Продюсер 500 теңгеге сатып алған аяқ киімін көрсетіп желідегілермен әзілдесті.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Баян Есентаева құны 4 млн теңге тұратын туфлиін көрсетіп мақтанған-ды. Алайда әлгі туфли жұрт ойлағандай продюсерге тиесілі болмай шықты. Ол оны жай ғана дүкенде киіп көрген екен. Бұдан кейін Баян Мақсатқызы дүйім жұртқа деген наразылығын жеткізді. Дәлірек айтсақ, өзінің әріптестері – журналистерге. “Енді сіздерсіз аяқ алып жүре алмайтын болғаным ба?” деп ашуланды.
Бірнеше сағат бұрын 500 теңгеге сатып алған аяқ киімін көрсетіп, желідегілермен әзілдесті. Желідегілер оның әзілін бірден түсінгендей болды. “Жумайсыз ба?” деп қоштай түсті. Арасында түрлі жағымсыз пікір білдіргендер де болды.
“Бәлкім, бағасы 500 доллар шығар?”, “Жақтырмасаңдар парақшасына жазылмай-ақ қоймайсыңдар ма? Көре алмасаңдар, өздерің де жұмыс істеп, осындай дәрежеге жетіңдер”, “Мынау жаман қуды ғой. Жұрт жалаңаяқ жүр ме екен?”, “Мұндайды тегін береді емес пе?”, “Жай қалжыңдап жатыр ғой. 4 млн туфлиден кейін осыны да түсінбейтін ақымақтар бар ма? Сендер жазбасаңдар да, мұндайды тегін беретінін біледі”, “Аяғына әжім түсіп кетіпті” деп жазады желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Есентаева журналистерге: Енді сіздерсіз аяқ алып жүре алмайтын болғаным ба?
Қытайды аузына қаратқан Димаш күмбірлете күй шертіп таңғалдырды (видео)
Танымал ғалым Димаштың жеңісін “Қытайдың кезекті саясаты” деп бағалады
Баян Есентаева “KeshYou” тобының жаңа құрамын көрсетті (фото, видео)